Коронавирус: Өткен тәулікте 800-ден астам індет жұқтырған жағдай тіркеліп науқастар саны 144 мыңға жуықтады
Өзбекстанда 15 тамыз күні 877 азаматта коронавирус анықталып, елдегі індет жұқтырғандардың жалпы саны 143 918-ге жетті.
«2021 жылдың 15 тамызы күнгі жағдай бойынша, Өзбекстанда тіркелген коронавирус инфекциясының саны 143 918 (+877) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Бұдан бөлек кеше 479 азаматта пневмония анықталған болып, науқастардың 3 көз жұмған. Бүгінге дейін өлім саны 123 жетті. Қазірде жалпы пневмония науқастар саны 18 395 жеткен және олардың 10 977 сауығып шыққан.
Сондай-ақ, өткен тәулікте республика бойынша 708 азамат сауығып, коронавирустан 5 науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 136 572-ге жетіп, құрбандар саны 981 құрауда.