Коронавирус: Өткен тәулікте 755 кісіде індет анықталып, 10 науқас қайтыс болды
Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 755, пневмония диагнозы қойылған 201 адам анықталғаны және екі аурудан 10 науқастың қайтыс болғаны белгілі болды.
«2021 жылдың 30 тамыз күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 156 394 (+755) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Пневмония жағдайы бойынша кеше 201 адам тіркелген. Қазірде олардың жалпы саны 23 665 жетіп, одан 16 270 сауығып шыққан. Өткен тәулікте 3 науқас қайтыс болған. Жалпы пневмониядан бүгінге дейін 171 азаматтың өлімі тіркелді.
ДСМ-нің соңғы дерегінше 30 тамызда республикада 687 азамат сауығып, 7 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 148 590-ға жетіп, құрбандар саны 1082 құрауда.