Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өткен тәулікте 660 кісіде індет анықталып, 11 науқас қайтыс болды
10:43 / 2021-09-08

Өзбекстанда 7 қыркүйек күні коронавирус жұқтырған 660, пневмония диагнозы қойылған 138 адам анықталғаны және екі аурудан 11 науқастың қайтыс болғаны белгілі болды.

«2021 жылдың 7 қыркүйек күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 161 768 (+660) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Пневмония жағдайы бойынша кеше 138 адам тіркелген. Қазірде олардың жалпы саны 24 821 жетіп, одан 18 321 сауығып шыққан. Өткен тәулікте 4 науқас қайтыс болған және жалпы осы аурудан өлім саны 196-ға жеткен.

ДСМ-нің соңғы дерегінше кеше тәулік бойы республикада 713 азамат сауығып, 7 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды. 

Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 153 651-ге жетіп, құрбандар саны 1132 құрауда.