Коронавирус: Өткен тәулікте 604 адамда індет анықталып, 4 науқас қайтыс болды
Өзбекстанда коронавирустық жағдай күн сайын күрделене түсуде. Кеше тәулік бойы 604 адамда коронавирус анықталып, 4 науқас қайтыс болған.
«2022 жылдың 11 қаңтар күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 201 759 (+604) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
ДСМ-нің соңғы дерегінше кеше тәулік бойы республикада 167 азамат сауығып, 4 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 197 475-ке жетіп, құрбандар саны 1505 құрауда.