Коронавирус: Өткен тәулікте 35 кісіде індет анықталып, 37 науқас сауығып шықты
Өткен тәулікте Өзбекстанның 3 аймағынан коронавирус жұқтырған 35 азамат тіркеліп, 37 ауру жұқтырған жан сауығып шықты.
«2022 жылдың 3 сәуір күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 237 888 (+35) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
ДСМ-нің соңғы дерегінше кеше тәулік бойы республикада 37 азамат сауығып шықты және елдегі сауыққандардың жалпы саны 235 711-ге жетті.
Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.