Коронавирус: Өткен тәулікте 294 кісіде індет анықталып, 2 науқас қайтыс болды
Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 294, пневмония диагнозы қойылған 8 адам анықталғаны және 2 науқастың қайтыс болғаны белгілі болды.
«2021 жылдың 11 қарашасы күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 189 186 (+294) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Пневмония жағдайы бойынша кеше 8 адам тіркелген. Қазірде олардың жалпы саны 27 651 жетіп, одан 26 163 сауығып шыққан.
ДСМ-нің соңғы дерегінше 11 қараша күні республикада 274 азамат сауығып, 2 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 185 301-ге жетіп, құрбандар саны 1351 құрауда.