Коронавирус: Өткен тәулікте 242 азамат індет жұқтырды
Өзбекстанда 6 маусым күнгі жағдай бойынша коронавирус ауруын 242 азамат жұқтырғаны анықталды.
Елдегі Covid-19-ға байланысты жағдай күн өткен сайын жақсарып келеді. Қазірде республикада вирус расталғандар саны 101 964-ке жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегінше, кеше ел аумағында 147 науқас емделіп шыққан және олардың саны 97 861-ді құрауда.
Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 3407 науқас індетпен күресуде.