Коронавирус: Өткен тәулікте 231 азаматтың індет жұқтырғаны белгілі болды
Өзбекстанда коронавирусқа байланысты жағдай бойынша науқастар саны күн өткен сайын қайта азайып келеді.
1 маусым күнгі жағдай бойынша елде тәулік бойы 231 азамат індет жұқтырып 346 науқас емделіп шықты және вирус жұқтырған 1 кісінің өлімі тіркелген.
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегінше республикада 100 726 азаматта вирус расталған болып, бүгінге дейін олардың 96 пайызы немесе 96 569-ы аурудан сауыққан. Індеттен көз жұмғандар саны 691-ге жетті.
Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 3466 науқас індетпен күресуде.