Коронавирус: Өткен тәулікте 209 кісіде індет анықталып, 3 науқас қайтыс болды
Өзбекстанда кеше коронавирус жұқтырған 209 азамат тіркеліп, 3 ауру жұқтырған жан қайтыс болды.
«2021 жылдың 1 желтоқасан күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 193 633 (+209) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
ДСМ-нің соңғы дерегінше 1 желтоқасан күні тәулік бойы республикада 277 азамат сауығып, 3 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 190 305-ке жетіп, құрбандар саны 1409 құрауда.