Коронавирус: Өткен тәулікте 194 кісіде індет анықталып, 3 науқас қайтыс болды
Өзбекстанда кеше коронавирус жұқтырған 194 азамат тіркеліп, 3 ауру жұқтырған жан қайтыс болды.
«2021 жылдың 19 желтоқасан күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 197 268 (+194) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
ДСМ-нің соңғы дерегінше 19 желтоқасан күні тәулік бойы республикада 135 азамат сауығып, 3 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 194 052-ге жетіп, құрбандар саны 1461 құрауда.