Коронавирус: Өткен тәулікте 179 азамат коронавирус жұқтырған
Өзбекстанда 4 сәуір күнгі жағдай бойынша 12 аймақта 179 азамат коронавирус жұқтырып, жалпы тіркелгендер саны 83 802-ге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәуліктегі сауыққандар қатары 134 кісіге көбейіп көрсеткіш 98 пайызды құрауда (81 763 адам).
Соңғы мәлімет бойынша кеше өлім жағдайы анықталмаған, әзірге дейін елдегі коронавирус құрбандарының саны 631-ге жеткен.
Қазіргі уақытта республикада 1408 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 209-ның жағдайы ауыр, ал 94 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.