Коронавирус: Өткен тәулікте 1117 адамда індет анықталып, 2 науқас қайтыс болды
Өзбекстанда кеше тәулік бойы 1117 адамда коронавирус анықталып, 2 науқас қайтыс болған.
«2022 жылдың 26 қаңтар күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 218 477 (+1117) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
ДСМ-нің соңғы дерегінше кеше тәулік бойы республикада 1291 азамат сауығып, 2 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды. Сонымен қатар, өткен тәулікте тағы 125 адам пневмониямен ауырған.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 208 018-ге жетіп, құрбандар саны 1551 құрауда.