Коронавирус: Тәулік бойы індет жұқтырған 594 жаңа жағдай тіркелді
ДСМ-нің бүгінгі кешкі қорытынды хабарында вирусқа шалдыққан 6 науқас көз жұмғаны айтылады
20 тамыз Өзбекстанда тәулік бойы індет жұқтырған 594 азамат тіркеліп, 498 кісі аурудан сауығып өз отбасына оралды.
ДСМ-нің бүгінгі кешкі қорытынды хабарында вирусқа шалдыққан 6 науқас көз жұмғаны айтылады.
Соңғы дерекке сай ел аумағында бүгінге дейін коронавирустық 37 693 жағдай расталған және одан 33 442 азамат сауыққан болып, емделу көрсеткіші 88 пайызды құрауда. Өкінішке орай 254 кісі көз жұмған.
Дәл қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 397 науқас індетпен күресуде, олар арасында 255 азаматтың жағдайы ауыр, 66 жан өте ауыр хәлде екендігі хабарланған.