Коронавирус: Тәулік бойы індет жұқтырған 579 азамат тіркелді
ДСМ-нің бүгінгі кешкі қорытынды хабарында вирусқа шалдыққан 4 науқас көз жұмғаны айтылады
18 шілде Өзбекстанда Тәулік бойы індет жұқтырған 579 азамат тіркеліп, 124 кісі аурудан сауығып үйіне оралды.
ДСМ-нің бүгінгі кешкі қорытынды хабарында вирусқа шалдыққан 4 науқас көз жұмғаны айтылады.
Соңғы дерекке сай ел аумағында бүгінге дейін 16186 жағдай расталған және одан 9127 кісі сауығып, емделу көрсеткіші 56 пайызды құрауда. Өкінішке орай 83 кісі көз жұмған.
Дәл қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 6976 науқас індетпен күресуде, олар арасында 71 азаматтың жағдайы ауыр, 21 жан өте ауыр хәлде.