Коронавирус: Тәулік бойы індет жұқтырған 368 жаңа жағдай тіркелді
Соңғы дерекке сай ел аумағында қазіргі кезде коронавирустық 41 528 жағдай расталған
30 тамыз Өзбекстанда тәулік бойы індет жұқтырған 368 азамат тіркеліп, 460 кісі аурудан сауығып өз отбасына оралды.
ДСМ-нің бүгінгі кешкі қорытынды хабарында вирусқа шалдыққан 6 науқас көз жұмғаны айтылады.
Соңғы дерекке сай ел аумағында қазіргі кезде коронавирустық 41 528 жағдай расталған және одан 38 819 азамат сауыққан болып, емделу көрсеткіші 93 пайызды құрауда. Өкінішке орай 315 кісі көз жұмған.
Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 2394 науқас індетпен күресуде, олар арасында 250 азаматтың жағдайы ауыр, 137 жан өте ауыр хәлде екендігі хабарланған.