Коронавирус: Тәулік бойы 465 азамат індет жұқтырып 498 науқас емделіп шықты
Қазіргі уақытта республикадағы ауруханаларда 2863 науқас дәрігерлер бақылауында
Өзбекстанда коронавирусқа байланысты жағдай бойынша науқастар саны күн өткен сайын қайта азайып келеді.
1 қазан күнгі жағдай бойынша елде тәулік бойы 465 азамат індет жұқтырып 498 науқас емделіп шықты және 2 кісінің өлімі тіркелген.
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегінше республикада 57 290 азаматта вирус расталған болып, бүгінге дейін олардың 94 пайызы немесе 53 955 кісі аурудан айыққан. 472 азамат осы дерттен көз жұмған.
Қазіргі уақытта республикадағы ауруханаларда 2863 науқас дәрігерлер бақылауында.