Коронавирус: Тәулік бойы 321 азаматтың індет жұқтырғаны белгілі болды
Өзбекстанда коронавирусқа байланысты жағдай бойынша науқастар саны күн өткен сайын қайта азайып келеді
Өзбекстанда коронавирусқа байланысты жағдай бойынша науқастар саны күн өткен сайын қайта азайып келеді.
12 қазан күнгі жағдай бойынша елде тәулік бойы 321 азамат індет жұқтырып 358 науқас емделіп шықты және вирус жұқтырған 4 кісінің өлімі тіркелген.
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегінше республикада 61 419 азаматта вирус расталған болып, бүгінге дейін олардың 95 пайызы немесе 58 427-сі аурудан сауыққан. 509 азамат індеттен көз жұмған.
Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 2483 науқас індетпен күресуде, олар арасында 318 азаматтың жағдайы ауыр, 107 жан өте ауыр хәлде екендігі хабарланған.