Коронавирус: Тәулік бойы 312 азамат індет жұқтырып, 174 жан аурудан сауыққан
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарына орай, бүгін ел аумағында екі азамат індеттен көз жұмған
Өзбекстанда 4 шілде тәулік бойы 312 азамат індет жұқтырып, 174 жан ауруханадан шыққан.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарына орай, бүгін ел аумағында екі азамат індеттен көз жұмған. Бірі Ташкенттік 65 жасар ер кісі, екіншісі Бұхара облысынан 35 жасар әйел азамат.
Ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны күн өткен сайын күрт өсіп барады. Бүгінгі жаңадан вирус жұқтырғандар көрсеткіші бойынша 300-ден асқан жағдайдың тіркелгені қатарынан екінші күн. Қазірде ел аумағында 9708 індет жұқтарғандар анықталған және 6425 науқас емделіп шыққан. Өкінішке орай бүгінге дейін вирустан 31 кісі көз жұмды.
Республикалық ауруханаларда 3252 науқас індетпен күресуде. Олар арасында 15 азаматтың жағдайы ауыр, 9 жанның халі өте ауыр екені айтылады министрлік хабарында.