English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Тәулік бойы 295 азамат індет жұқтырып 448 науқас емделіп шықты
23:51 / 2020-09-05

Өзбекстанда коронавирусқа байланысты жағдай күн өткен сайын жақсарып келеді. Бүгін аурудан сауыққандар қатары 94 пайызға жетті


Өзбекстанда коронавирусқа байланысты жағдай күн өткен сайын жақсарып келеді. Бүгін аурудан сауыққандар қатары 94 пайызға жетті.

5 қыркүйек күнгі жағдай бойынша елде тәулік бойы 295 азамат індет жұқтырып 448 науқас емделіп шықты және 4 кісінің өлімі тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегінше республикада 43 370 азаматта вирус расталған болып, бүгінге дейін олардың 94 пайызы немесе 40 880 кісі аурудан айыққан. 343 азамат осы дерттен көз жұмған.

Қазіргі уақытта республикадағы ауруханаларда 2147 науқас ем қабылдауда, сондағылар арасында 366 кісінің жағдайы ауыр.