Коронавирус: Соңғы тәулікте Өзбекстанда 900 азамат індет жұқтырған
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте Өзбекстанда 899 адамда коронавирус жұққаны, 516 азаматта пневмония анықталғаны және 10 науқас қайтыс болғаны жайлы хабарлады.
«2021 жылдың 2 тамызы күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны - 131 978 (+899) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Сонымен қатар, кеше 516 адамға пневмония диагнозы қойылған. Олардың жалпы саны бүгінде 11 883-ке жеткен. Қазірге дейін 76 кісі қайтыс болған.
ДСМ-нің соңғы дерегінше, кеше републиканың 10 аймағынан 844 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 125 572-ге жеткені айтылады.
Өткен тәулікте 10 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болған. Олардың 7 індеттен 3 пневмониядан көз жұмған. Қазірде жалпы өліп саны 893 құрауда.