English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Соңғы тәулікте Өзбекстанда 856 азамат індет жұқтырған
10:54 / 2021-08-09

8 тамыз күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда 856 азамат індет жұқтырғаны тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы тәулікте Өзбекстанда 856 адамда коронавирус жұққаны, 439 азаматта пневмония анықталғаны және 9 науқас қайтыс болғаны жайлы хабарлады.

«2021 жылдың 8 тамызы күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны - 137 491 (+856) жетті», - делінген  хабарламада. 

Сонымен қатар, кеше 439 адамға пневмония диагнозы қойылған. Олардың жалпы саны 14 942-ге жетті. Қазірге дейін жалпы 7537 адам сауыққан болса, 99 кісі қайтыс болған. 

ДСМ-нің соңғы дерегінше, кеше републикада 795 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 130 906-ға жеткені айтылады.

Өткен тәулікте 9 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болған. Олардың 6 індеттен 3 пневмониядан көз жұмған. Қазірде жалпы өліп саны 934 құрауда.