Коронавирус: Соңғы тәулікте Өзбекстанда 68 азамат індет жұқтырған
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте Өзбекстанның 8 аймағынан 68 адамда коронавирус жұққаны, 5 азаматта пневмония анықталғаны жайлы хабарлады.
«2022 жылдың 6 наурыз күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 236 967 (+68) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Өткен тәулікте 5 адамға пневмония диагнозы қойылған. Сондай-ақ, 91 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 234 113-ке жеткені айтылады.
Осылайша қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 98 пайызды құрауда.