Коронавирус: Соңғы тәулікте Өзбекстанда 448 азамат індет жұқтырған
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте Өзбекстанда 448 адамда коронавирус жұққаны, 37 азаматта пневмония анықталғаны және 2 науқас қайтыс болғаны жайлы хабарлады.
«2021 жылдың 3 қазан күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 175 715 (+448) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Өткен тәулікте 37 адамға пневмония диагнозы қойылған. Олардың жалпы саны бүгінде 27 337-ге жеткен. Олардан 25 669 сауығып шықты.
ДСМ-нің соңғы дерегінше, кеше республиканың 13 аймағынан 552 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 170 872-ге жеткені айтылады.
Кеше коронавирус жұқтырған 2 азамат қайтыс болып, қазірде өлім саны 1249 құрауда.