Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Соңғы тәулікте Өзбекстанда 403 азамат індет жұқтырған
11:12 / 2021-09-27

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте Өзбекстанда 403 адамда коронавирус жұққаны, 68 азаматта пневмония анықталғаны және 4 науқас қайтыс болғаны жайлы хабарлады.

«2021 жылдың 26 қыркүйек күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 172 493 (+403) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында. 

Бұл көрсеткіш соңғы үш ай ішінде тіркелген ең аз науқастану көрсеткіші. Өзбекстанда ең кейінгі аз науқастану көрсеткіш 21 маусымда тіркеліп, онда 395 кісі коронавирус жұқтырған болатын.

Өткен тәулікте 68 адамға пневмония диагнозы қойылған. Олардың жалпы саны бүгінде 26 980-ге жеткен. Қазірге дейін 225 кісі қайтыс болған.

ДСМ-нің соңғы дерегінше, кеше републиканың 14 аймағынан 418 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 167 199-ға жеткені айтылады.

Кеше 4 науқас қайтыс болған. Олардың 3 індеттен 1 пневмониядан көз жұмған. Қазірде жалпы коронавирус өлім саны 1225 құрауда.