Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Соңғы тәулікте Өзбекстанда 340 азамат індет жұқтырған
11:03 / 2021-10-14

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте Өзбекстанда 340 адамда коронавирус жұққаны, 9 азаматта пневмония анықталғаны және 4 науқас қайтыс болғаны жайлы хабарлады.

«2021 жылдың 13 қазан күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 179 711 (+340) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында. 

Өткен тәулікте 9 адамға пневмония диагнозы қойылған. Олардың жалпы саны бүгінде 27 503-ке жеткен. Қазірге дейін 26 012 кісі сауығып шыққан.

ДСМ-нің соңғы дерегінше, кеше републикада 378 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 175 571-ға жеткені айтылады.

Кеше коронавирустан 4 науқас қайтыс болған. Қазірде жалпы өлім саны 1280 құрауда.