Коронавирус: Соңғы тәулікте Өзбекстанда 106 азамат індет жұқтырған
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте Өзбекстанның 11 аймағынан 106 адамда коронавирус жұққаны, 15 азаматта пневмония анықталғаны және 2 науқас қайтыс болғаны жайлы хабарлады.
«2022 жылдың 27 ақпаны күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 236 405 (+106) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Өткен тәулікте 15 адамға пневмония диагнозы қойылған. Сондай-ақ, 321 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 232 918-ге жеткені айтылады.
Кеше коронавирустан 2 науқас қайтыс болған. Қазірде жалпы өлім саны 1635 құрауда.