Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: соңғы тәулікте 400-ге жуық азаматта індет анықталып, антирекорд жаңарды
11:18 / 2021-04-22

Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өскені байқалды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 21 сәуірде Өзбекстанда 384 адамға коронавирустық инфекция диагнозы қойылды. Бұл 2021 жылғы жаңа антирекорд. Қазір елдегі тіркелген коронавирус жұқтырған азаматтар саны 87 935-ке жетті. 

Аймақтар арасында ең көп вирус жұқтыру көрсеткіші Ташкенттен кейінгі (207 адам) кезекте Самарқанда байқалған – 73 адам. 

21 сәуірде 290 кісі індеттен сауығып, бүгінге дейін аурудан айыққандар саны 85 007 (97 пайыз) жеткен.

Қазіргі уақытта республикада 2288 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 238-ның жағдайы ауыр, 113 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.