Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Соңғы тәулікте 200-ге жуық жағдай анықталып, бір науқас қайтыс болды
10:28 / 2021-04-08

Өзбекстанда 7 сәуір күнгі жағдай бойынша 195 кісіде індет анықталып, бір науқас қайтыс болды.

ДСМ-нің хабарлауынша, өткен тәуліктегі коронавирус жұқтырған аймақтар арасында ең көп науқастану көрсеткіші Ташкент қаласында тіркелген (132 кісі). Жалпы індетке шалдыққандар саны қазір 84 322 құрауда.

Ал, осы күні сауыққандар қатары 179 кісіге көбейіп жалпы көрсеткіш 82 234-ке жеткен (98 пайыз).

Соңғы мәлімет бойынша кеше тағы бір өлім жағдайы анықталған, әзірге дейін елдегі коронавирус құрбандарының саны 634-ке жетті.

Қазіргі уақытта республикада 1454 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 229-ның жағдайы ауыр, ал 104 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.