Коронавирус себепті Ухань қаласы тұрғындарына қаладан шығуына тыйым салынды
Коронавирустан бүгінге келіп 20-ға жуық кісінің өлімі тіркелген және 600-ге жақын азаматтар жұқтырған
Қытай билігі 23 қаңтардан бастап, бүкіләлемге қауіп төндірген коронавирус себепті Ухань қаласы тұрғындарын қаладан шығуын шектеді. Осылайша вирустың жылдам тарауына тосқауыл болмақ.
Global Times ақпарат көзінің хабарлауынша, қалада автобус, метро, қалааралық көлік қатнауы мен ұшақ бағыттары тоқтатылған. Бұл процестің қанша уақыт жалғасуы қазірге белгісіз. Адам өміріне өте қауіпті екені анықталған осы аймақтағы коронавирустан бүгінге 20-ға жуық кісінің өлімі тіркелген. Ал оны жұқтырған азаматтар саны 600-ге жақын болып, вирустың белгілері Қытайдың 27 аймағынан бөлек Корея, Тайланд, сингапур, Гонконг, Жапония, АҚШ тіпті Австралияда да тіркелген.
Бұл жағдайдың өршуіне байланысты келесі ай басында Қытайда өтуі жоспарланған Токио-2020 олимпиадасына жолдама беруші бокс жарысы тоқтатылды.