Коронавирус: Пандемия басталғалы Өзбекстанда індеттен өлім саны 1 мыңнан асты
Коронавирустық пандемия басталғалы Өзбекстанда осы аурудан көз жұмған науқастар саны 1 002-ге жетті.
18 тамыз күні Республикада жалпы 844 азаматта коронавирус, 386 адамда пневмония анықталған болып, осы екі аурудан 11 науқас қайтыс болған.
«2021 жылдың 18 тамыз күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 146 459 (+844) жетті», - делінген хабарламада.
Кеше тәулік бойы 386 адамға пневмония диагнозы қойылған. Олардың жалпы саны бүгінде 19 586-ға жеткен. Кеше осы аурудан 3 науқас қайтыс болып, қазірге дейін 132 кісі өлімі тіркелген.
ДСМ-нің соңғы дерегінше, өткен тәулікте републикада 791 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 139 021-ге жеткені хабарланған.
Өткен тәулікте 8 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болып, олардың саны 1002 құрауда.