Коронавирус: Індет жұқтырғандар 103 мыңнан асты
Өзбекстанда 11 маусым күнгі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар 314 азаматқа көбейіп, елдегі жалпы вирустану көрсеткіші 103 206-ға жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде, «2021 жыл 11 маусымдағы жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 103 206 адамға жетті», - делінген.
Сонымен қатар, кеше ел аумағында сауыққан 229 азамат тіркеліп, бір науқас қайтыс болды.
Мәлімет бойынша қазіргі таңда республикада сауыққандар қатары 99 152-ге жеткен болса, коронавирус құрбандарының саны 705-ті құрауда.
Бүгінде республикадағы ауруханаларда 3349 науқас дәрігерлер бақылауында ем қабылдауда.