Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Күндік рекорд жаңарып тағы бір азамат көз жұмды
12:46 / 2021-03-25

Өзбекстанда коронавирус жұқтыру рекордтық көрсеткіші жаңарып тағы бір азамат көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарында, өткен тәулікте Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны 138-ге көбейіп, 81 816-ға жетті. Бұл жыл басынан бергі күндік рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ, соңғы айларда алғаш рет Ташкенттегі науқастану саны 100-ден асты (111 кісі).

24 наурыз күнгі жағдай бойынша, 98 азамат сауығып шыққан және бір науқас қайтыс болған.

Соңғы мәлімет бойынша елдегі коронавирус ауруынан сауыққандар 80 143 кісіні құраса, өлім саны 624-ке жетті.

Қазіргі уақытта республикада 1049 науқас ауруханада дәрігерлер  бақылауында қалуда. Олардың 191-нің жағдайы ауыр, ал 85 науқастың хәлі өте ауыр екендігі хабарланған.