Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Кеше республиканың 9 аймағынан 90-ға жуық індет жұқтырғандар анықталды
11:31 / 2022-06-22

Өткен тәулікте Өзбекстанның 9 аймағынан 90-ға жуық коронавирус жұқтырған жандар анықталды.

«2022 жылдың 21 маусым күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 239 895 (+82) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.

Жаңадан індет жұқтырғандар Әндіжан (1 адам), Бұхара (8 адам), Самарқанд (5 адам), Сұрхандария (2 адам), Қашқадария (4 адам), Ферғана (1 адам), Наманган (4 адам), Науаи (3 адам), Ташкент облыстарында (7 адам) және Ташкент қаласында (48 адам) анықталған.

Сонымен қатар, өткен тәулікте республиканың үш аймағынан 31 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 237 791-ге жеткені айтылады.

Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.