Коронавирус: Кеше республиканың 14 аймағынан 71 індет жұқтырғандар анықталды
Пандемия басталғалы Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 242,5 мыңға жуықтады. Өткен тәулікте елдің 14 аймағынан 70-тен астам азаматта коронавиурс анықталған.
«2022 жылдың 20 шілде күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 242 437 (+71) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Жаңадан індет жұқтырғандар:
- Қарақалпақстан Р – 4 адам
- Әндіжан облысы - 2 адам
- Бұхара облысы - 5 адам
- Самарқанд облысы - 6 адам
- Сырдария облысы - 3 адам
- Сұрхандария облысы - 5 адам
- Қашқадария облысы - 3 адам
- Жызақ облысы - 4 адам
- Наманган облысы – 4 адам
- Науаи облысы - 5 адам
- Хорезм облысы - 3 адам
- Ташкент облысы - 6 адам
- Ташкент қаласы - 17 адамда анықталған.
Сонымен қатар, өткен тәулікте республиканың 12 аймағынан 92 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 239 336-ға жеткені айтылады.
Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.