Коронавирус: Індет жұқтырғандар саны 58 мыңнан асты
Қазіргі уақытта республикада 2907 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда
Өзбекстанда 3 қазан күні тәулік бойы індетін жұқтырған 462 жан тіркеліп, елдегі жалпы коронавирус расталған көрсеткіш саны 58 238 кісіге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды мәліметі бойынша республикада бүгін, 398 жан аурудан сауығып шықты және 2 науқас көз жұмған.
Соңғы мәліметтер бойынша қазірде жалпы 54 854 кісі емделіп шыққан болса, бүгінге дейін 477 азамат көз жұмған.
Қазіргі уақытта республикада 2907 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда.