Коронавирус: Індет жұқтырған тағы 76 азамат тіркелді
Бүгінге дейін аурудан сауыққандар саны 5496 кісіге жетіп, 24 азамат індетен көз жұмған
Өзбекстанда 30 маусым күнгі таңғы мәліметтер бойынша елде тағыда коронавирус жұқтырған 76 азамат анықталған.
Денсаулық сақтау министрлігінің бүгін таңғы сағат 10:00 уақыттағы хабарында республикадағы жалпы індет расталған жағдай 8298 кісіге жеткені айтылады.
Жаңадан вирус жұқтырғандардың 44 карантиндегілер арасында, 23 Ташкент облысынан және Ташкент қаласында 9 кісі тіркелген.
Бүгінге дейін аурудан сауыққандар саны 5496 кісіге жетіп, 24 азамат індетен көз жұмған.
Ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны күн өткен сайын күрт өсіп келеді. Соңғы екі тәулікте 4 жан қайтыс болды. Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 2778 науқас індетпен күресуде, олар арасында 19 азаматтың жағдайы ауыр, 6 жанның халі өте ауыр екені айтылады министрлік хабарында.