Коронавирус: Індет жұқтырған тағы 5 жағдай тіркелді
Республикада карантин мерзімі тағы 20 күнге ұзартылды
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 жағдай анықталған.
ДСМ-нің хабарынша 19 сәуір сағат 10:00 уақытымен республикада індет жұқтырған тағы 5 науқас анықталып, жалпы 1495 кісіге жеткен. Олардан 194-і емделіп, 5 кісі қаза болған.
18 сәуірде Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін енгізілген карантиндік шектеу шаралары және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күшейтілген тәртіп 2020 жылдың 10 мамырына дейін ұзартылды.