Коронавирус: Індет жұқтырған тағы 20 жағдай тіркелді
Соңғы күнгі деректерге сай вирус жұқтырғандарға қарағанда індеттен сауыққандық жағдайы көп тіркелуде
Өзбекстанда 28 сәуір күнгі алғашқы мәліметтер бойынша тағыда коронавирус жұқтырғандық 20 жағдай тіркелді.
«Кoronavirus Іnfo» Өзбекстандағы ресми ақпараттық арнасының хабарына сай 28 сәуір таңғы сағат 10:00 уақытымен ел аумағында 20 вирус жұқтырғандық жағдайы тіркеліп, жалпы науқастар саны 1924 кісіге жеткен.
Өзбекстанда коронавирустық індеттің алғашқы расталған жағдайы 15 наурызда Ташкентте тіркелген болып, вирус бүкіл республикаға тарады. Бүгінге дейін ел аумағындағы жалпы осы індеттен сауыққандар қатары 892 кісіге жеткен және 8 кісі көз жұмған.
Соңғы күнгі деректерге сай вирус жұқтырғандарға қарағанда індеттен сауыққандық жағдайы көп тіркелуде. 26 сәуір күні 7 азамат вирус жұқтырса, 58 кісі ауруан сауықты. Ал 27 сәуірде 35 тұрғныда коронавирус анықталып, 103 жан емделіп шыққан.