Коронавирус: Індет жұқтырған тағы 14 кісі анықталды
Қазіргі уақытта 95 мыңға жуық азамат карантиндік бақылауға алынған
Өзбекстанда коронавирус жұқтырған тағыда 14 жағдай тіркелді.
22 сәуір таңғы сағат 10:00 уақытымен республикада COVID-19 індетін жұқтырғандар қатары 14 кісіге көбейіп, жалпы науқастар саны 1692 кісіге жеткен, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Республикада коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы 15 наурыз күні Ташкентте тіркелген болып, бүгінге дейін 95 мыңға жуық азамат карантиндік бақылауға алынған. Ал карантин тәртібін бұзған 84411 оқиға орын алған. Ережені бұзған көрсеткіш бойынша Ташкент қаласы алғашқы орында 15900. Келесі орында Ферғана облысы жайғасқан, ондағы азаматтар республиканың арнайы комиссиясы бекіткен нормаларға мойынсұнбаған 13847 оқиғасы анықталған.
Сонымен вирустан сауыққандар қатары 357 кісіге жетіп, 6 азамат көз жұмған.