Коронавирус: Елдегі індет жұқтырғандар саны 66 мыңнан асты
Республикада бүгін тәулік бойы індет жұқтырғандар саны 256 кісіге көбейген
Өзбекстанда ресми коронавирус статистикасы 28 қазан күні 66 мыңнан асқаны жайлы Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарында жарияланды.
Ондағы мәліметі бойынша республикада бүгін тәулік бойы індет жұқтырғандар 256 кісіге көбейіп, жалпы саны 66 200-ге жетті.
бұдан бөлек, бүгін 281 азамат аурудан сауығып шықты. Қазірде олардың саны 63 446 жанды құрауда. Өкінішке орай бүгін тағыда 2 кісі вирустан қаза болған. Қаза болғандар саны бойынша жалпы көрсеткіш 558-ге жеткен.
Қазіргі уақытта республикада 2196 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 271-нің жағдайы ауыр, ал 74 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.