Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус бойынша Қазақстан «сары» аймаққа кірді
12:40 / 2020-12-25

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда бір облыс «қызыл», төрт облыс пен екі қала «сары» аймақта тұр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сүйене орытып «ҚазАқпарат» сайтының хабарлауынша, 25 желтоқсандағы жағдай бойынша Атырау облысы әлі де «қызыл» аймақта. Сонымен қатар, елідің бірқатар өңірлері: Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы «сары» аймақта қалуда.  

Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта және бүгіннен бастап «жасыл» аймақтардың қатарына БҚО енген.

Әйтсе де эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының бағалауы бойынша Қазақстанның жалпы аумағы «сары» аймақта.

«Сoronavirus2020.kz» сайтының дерегінше, Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 150 мыңнан асып, 136 365 азамат сауыққан. Бүгінге дейін 2196 науқас қайтыс болған.