Коронавирус: Бір тәулікте ауруға шалдыққандар саны 14840-қа артты
Сәт сайын асқыну индескі жоғарылап бара жатқан бұл вирусқа қарсы вакцина дам ағзасында сынақтан өткізу процесі 4-5 айдан кейін өтеді
Коронавирустың қайнар ошағы Хубэй провинциясында тәжіндетіне шалдыққандар мен құрбандар саны бір тәулікте күрт асқынғаны байқылды.
Қытайдың аймақтық гигиена және денсаулық сақтау комитетінің хабарлауынша, COVID-19 инфекциясының асқынуынан бәр тәулікте қайтыс болғандар 242 құрап, жалпы құрбандар саны 1310 жеткен. Оның 1036-сы Уханьда орын алған. Дәрігерлер бір тәулікте аурудың күрт асқынған себебін, ауруды тексеру жағдайына «клиникалық диагноз» түріндегі жаңа тексеріс енгізгендігімен байланыстырады. Бұл жағдай ауруға енді ғана дұшар болған адам ағзасындағы аурудың алғашқы кезеңінде-ақ емдеу кету мүмкіндігін беретінін айтқан.
Сәт сайын асқыну индескі жоғарылап бара жатқан бұл вирусқа қарсы вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше адам ағзасында сынақтан өткізу процесі 4-5 айдан кейін өтеді. Өйткені ғалымдар жаңа вирустың қандай қасиетке ие екендігін қазірге толықтай зерттеп үлгермеген.