Коронавирус: Бүгін 111 азамат аурудан емделіп шықты
Елдегі ахуалды тұрақты ету мақсатында Республикалық арнайы комиссия карантиндік мерзімді 10 мамырға дейін ұзартты.
Өзбекстанда 23 сәуір тәуліктік көрсеткіш бойынша аурудан жазылғандардың рекордты нәтижесі тіркелді.
ДСМ-нің хабарлауынша 23 сәуір кешкі сағат 23:00 уақытымен республикада 42 коронавирус жұқтырғандық жағдайы тіркеліп, жалпы науқастар саны 1758 кісіге жеткен. Олардан 561 сауығып, 7 азамат қайтыс болған.
Ел аумағында коронавирустық індетінің алғашқы жағдайы 15 наурыз күні Ташкентте тіркелді. Осыған дейін вирус республиканың барлық аумағына тарап, 92 мыңдай азамат карантиндік бақылауға алынған. Елдегі жағдайды жақсарту мақсатында Республикалық арнайы комиссия карантиндік мерзімді 10 мамырға дейін ұзартты.