Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирусқа шалдыққан жандармен байланыста болып та, індетті жұқтырмау мүмкін бе?
17:02 / 2020-10-28

Бұл туралы иммунолог Георгий Викулов былай дейді...


Кейбір адамдар коронавирусқа шалдыққан жандармен байланыста болса да вирус жұқтырмауы мүмкін. Бұл туралы иммунолог Георгий Викулов мәлімдеді.

Вирустық инфекциялардың алдын алу және емдеу ғылыми-ақпараттық орталығының директоры, иммунолог Георгий Викуловтың айтуынша, кейбір адамдар коронавирусқа шалдыққан жандармен байланыста болса да вирус жұқтырмайды. Оның себебі: «Мүмкін бұл иммундық жүйенің әсері шығар. Бәлкім бұл вирустық жүктеменің аздығынан шығар. Немесе осы факторлардың жиынтығы», деген ол.

Иммунологтың мәліметінше, коронавируспен байланысты генетикалық зерттеулер нәтижесінде нақтыланатын басқа себептердің болуы мүмкін. Мұндай зерттеулер, дәрігердің пікірінше, COVID-19 емін жаңарта алады.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше қазіргі кезде әлемде індет жұқтырғандар саны 44 млннан асып, 1 млннан астам жан көз жұмған.