Коронавирусқа «ең төзімді» қан тобы анықталды
Даниялық мамандардың анықтауынша бірінші қан тобы – АВ0ға ие жандар коронавирусты сирек жұқтырады
Даниялық мамандардың анықтауынша бірінші қан тобы – АВ0ға ие жандар коронавирусты сирек жұқтырады.
«РИА Новости» сайтындағы ақпаратқа сай, Даниялық мамандар коронавирусқа байланысты тест тапсырған 473 мыңнан астам адамның деректерін салыстырған. Алынған нәтиже бойынша оң нәтиже (вирус жұқтырғандар) бергендердің арасында АВ0 қан тобына жатушы адамдар аз кездесіп, А (екінші), В (үшінші) және АВ (төртінші) қан тобына жатушы жандар көп екені анықталған. Ғалымдар бұл факторды бірінші қан тобында вирустарды организмге жеткізетін эритроциттер антигенінің болмауымен түсінтірген.
Тағы бір зерттеуге байланысты Канададағы ауруханада емделген 95 ауыр науқас қатыстың жағдайына орай. А немесе AВ қан топтары қарқынды емдеуді және өкпені жасанды желдетуді қажет ететін аурудың ауыр асқыну ықтималдығын арттырған.
Бұған дейін Қытай, АҚШ және Иран ғалымдары коронавирустық асқынулардан екінші қан тобына жатушы жандар жиі өлетіні жайлы, ал үшінші және төртінші топтағы адамдар арасында өлім көрсеткіші аз деген қорытынды жасаған. Түйіндей келе ғалымдар бірінші қан тобына жатушы адамдарды, тәжіндетін ең аз жұқтыруы мүмкін деп атады.