Коронавирусқа қарсы күреске қомақты қаржы бөлген спортшылар
Белгілі спорт шеберлерінің кейбірі қайырымдылыққа бөлген ақшасын құпия қалдырған
Жер бетіндегі тіршілік иесіне қауіп төндірген коронавирус індетінің әлемдік пандемияға айналуы адамзат өмірінде тағы бір күрделі сынақтан өтуіне түрткі болуда. Бұл жағдай, өтуі жоспарланған барлық салтанатты шаралар мен спорттық жарыстарды тоқтатты. Міне осынау қиын-қыстау қысылтаяң шақта әйгілі спорт жұлдыздары да қарап қалмай қолдан келер өз көмегін беруді жөн көріп науқастардың емі үшін, әлеуметтік жағдайы төмен және карантиндік кезеңде жұмыссыз қалған отбасылардың азығы мен күн санап қатары артып ауруханаға сыймай бара жатқан азаматтарды өз қонақ үйіне жатқызып оны уақытша емхана етуге келісім берген спортшылардың бірнешеуін жазуды жөн көрдік.
1 миллион еуро көлемінде қаржы бөлген спортшылар қатарында Л.Месси, К.Роналду, Э.Хави, М.Салах, Р.Левандовский, Х.Гвардиола, Н.Джокович, К.МакГрегор сынды еріктілер бар.
Бұдан бөлек Неймар 775 мың футн стерлинг қайырымдылық жасаған болса, Марко Ройс 500 мың еуро бөлген. Де Хеа 300 мың еуро бөліп, С.Мане 45 мың фунт стерлинг қаржысын коронавирусқа қарсы күреске аударған. Гарри Невилл мен Райан Гиггс өз қонақ үйлерін уақытша емхана еткен. Тағыда бірнеше спортшылардың осы індетпен күрес үшін қомақты қаржы бөлгендігі интернет желісінде жазылғанын көруге болады. Кейбіреулері осы жасаған қайырымдылығын құпия күйінде қалдырған.