Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның клиникалық зерттеуі басталды
21:03 / 2020-09-17

Вакцинаны клиникалық зерттеу 18-50 жас аралығындағы дені сау ересек еріктілер арасында жүргізіледі


Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның клиникалық зерттеуі басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» елдің Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Онда айтылуынша, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталған.

«Вакцинаны клиникалық зерттеу 18-50 жас аралығындағы дені сау ересек еріктілер арасында жүргізіледі. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтауға бағытталған зерттеудің I фазасына коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 ерікті қатысады. Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші фазада 200 еріктінің қатысуы жоспарланып отыр» делінген хабарламада.

БҚПҒЗИ-ға клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген еріктілерден 688 өтініш келіп түскен. Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов cенім білдіргендерге алғыс айтты.

Клиникалық зерттеулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» РМК және «Сentre for Clinical Medicine and Research» ЖШС-де өтеді.