Корейлер адам миынан 10 мың есе жылдам жұмыс істейтін электронды ми жасады
Оңтүстік Кореяның DGIST зерттеушілері адам миына ұқсайтын жаңа буын жасанды интеллект жартылай өткізгіш технологиясын жасап шығарды.
Профессор Квон Хек Джун басқаратын бұл нейроморфтық құрылғы нейрондар сияқты ақпаратты бірнеше деңгейде сақтай алады.
Осы уақытқа дейін қолданылған есептеуіш құрылғылардың ең үлкен кемшіліктерінің бірі олардың көп энергия жұмсауы болды. Бұл мәселенің шешімін іздеген ғалымдар гафний оксиді мен қалайы дисульфидін қолданатын синаптикалық транзисторларды жасады.
Нәтижесінде адамның синапсынан 10 мың есе жылдам жұмыс істейтін және сонымен бірге энергияны өте аз тұтынатын электронды ми жасалды.
Профессор Квон бұл зерттеудің келесі буын есептеуіш архитектурасын құрудағы маңызды қадам екенін атап өтіп, жаңашылдық жасанды интеллект пен машиналық оқытумен байланысты салаларда қолданылатынына сенім білдірген.