Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Кореяның Халықаралық денсаулық сақтау қоры Өзбекстанға 4 мың экспресс-тест жиынтығын сыйлады
16:01 / 2020-12-16

Оңтүстік Корея Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі жанындағы Халықаралық денсаулық сақтау қоры (KOFIH) Өзбекстанға 4 мың дана экспресс-тест жиынтығын сыйға тартты.

Атаулы қор шет елдердегі денсаулық сақтауды жақсарту бойынша көмек жобалармен айналысатын ұйым болып, бүгінгі таңда «KOFIH» әлемнің 20-дан астам елдерімен ынтымақтастық орнатқан және олар қатарындаӨзбекстан да бар.  

Қор ынтымақтастық орнатқан елдермен әртүрлі әлеуметтік маңызы бар тиімді жобаларды жүзеге асырып келеді. Оның негізгі бөлігі алғашқы медициналық көмекке, ана мен бала денсаулығын қорғауға, халықтың репродуктивті денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік мәселелерден тұрады.

Дәл осы жобалардың бірі - 2007 жылдан бастап KOFIH біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында Кореяның жетекші университеттерінде Өзбекстаннан 62-ден астам дәрігерлерді білімін асырып қайтқан.

KOFIH-тің Өзбекстандағы өкілдігінің басшысы Себастьян Ю Денсаулық сақтау министрлігіне 4 мың дана экспресс-тест жинағын сыйға тартты. Атаулы сынама иммундық жүйенің ағзаға енетін коронавируспен күресу қабілетін анықтауға мүмкіндік береді және ол аурудың барысын, ағзаның вируспен және иммундық жасушалармен қалай күресетінін бағалайды. Бұл әдіс адамның қан сынамасында тексерілетін болып, оны өзбекстандық тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияны тез анықтауда және оны ерте емдеуге пайдаланылады.