Кореяға кіру кезінде карантин талаптары күшейтілді
Африка шошқа обасының таралуының алдын алу мақсатында Корея Республикасына кіру кезіндегі карантиндік талаптар қатаңдатылды.
Елге кіретін барлық тұлғалардың, соның ішінде E-9 визасымен баратын жұмысшылардың жүгі мен багажы міндетті түрде мұқият тексеруден өтеді.
Кореяға мынадай өнімдерді алып кіруге қатаң түрде тыйым салынады:
ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, жаңа үзілген жемістер, картоп, қабығы аршылмаған жаңғақтар, жануар өнімдері, өсімдік көшеттері және топырақ.
Белгіленген талаптарды бұзған жағдайда 10 миллион вонға дейін (шамамен 6 441 АҚШ доллары) айыппұл салынуы мүмкін.